- Advertisement -

Тәрбиешілер айлығы өтті

14

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ата-бабадан қалған мәдени мұраны заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау қажеттігін атап өткен болатын.

Президенттің айтуынша, адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы: «Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі. Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз», – деп атап өтті.

Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып, салт-санамызбен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан елдің мәдени мұрасы. Бүгінде өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес. Осы орайда облыс әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатында «Ұлттық құндылықтар – тәрбие негізі» тақырыбымен тәрбиешілердің айлығы өтті. Іс-шара барысында патриоттық ән кеші, сахналық қойылымдар, әдеби-танымдық шара, тәрбие сағаттары мен пікірталас сынды түрлі бағыттағы тәрбиелік жұмыстар атқарылды. Тәрбиешілер қауымы барлық іс-шараларды өткізуде функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастырып, ұлттық құндылықтарға негіздеді.

Айлық барысында ұйымдастырылған ерекше жұмыс этноауылға саяхат жасау болды. Мұндағы мақсат – оқушыларға этнопедагогикалық білім беру. Ғылым мен техниканың дамыған заманында кейбір ұлттық құндылықтарымыздың сырт қалып жатқаны жасырын емес. Ата-бабаларымыздың пайдаланған заттары арқылы балаларға диірмен тарту, айран пісу, жент, құрт, ірімшік жасау жолдары, ұршық иіру, ою-өрнектерді салу секілді шеберлік сыныптары өткізілді. Ұлттық құндылықтарымыздың үлгісін көрсеткен этноауылдағы уақыттың өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол.

– Бабадан мирас болған ұлттық құндылықтарымызды қорғай отырып, ұрпақ бойына сіңіру – біздің міндетіміз. Тәрбие тізгінін жіберіп алмау керек. Ұлттық салт- дәстүр, әдет-ғұрып жиі дәріптеліп отырғаны абзал. Осындай мақсаттағы жиындар көптеп өткізілуі тиіс. Бұл ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Осы мақсаттан туындаған шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – дейді дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының жатақхана меңгерушісі Светлана Бөлегенова.

 

Мәдина АҚТАНОВА.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support