Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясына жұмыс сапарымен барды.
Аймақ басшысы онда бірқатар кездесулерге қатысып, ауыл шаруашылығы, медицина, туризм және басқа да салалар бойынша сұрақтарды талқылайды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы мен Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясы арасындағы іскерлік байланыс туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.
Айта кету керек, бұл – облыс әкімінің Шэньси провинциясына жасаған екінші сапары. Бірінші кездесуде қытай кәсіпкерімен 300 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жобаны іске асыру туралы, сонымен қатар облыс әкімдігі мен Шэньси провинциясының халықтық үкіметі арасында ауыл шаруашылығы, медициналық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтін өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылған болатын. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Шэньси провинциясы Қытайдың жетекші ауыл шаруашылығы өңірі (әлемдегі алманың 10 пайызы осы жерде өсіріледі) болып табылатынын атап өткен еді.
«Біз олармен осы салада бірлесіп жұмыс істемекпіз. Ежелгі Сианьда екі мыңжылдық тарихы бар Тараз арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы басталған. Сондықтан біздің бауырлас қалалар мен өңірлер арасында туристік саланы дамытпақ ойымыз бар. ЭКСПО-2017-ге біз Тараздың ежелгі тарихымен таныстыру үшін қытайлық туристерді молынан тартуға ниеттіміз», – деген болатын Кәрім Нәсбекұлы өз сөзінде.
Облыс басшысының араға уақыт салып, көршілес Қытай еліне тағы сапарлап баруы өңірдің дамуына ықпалын тигізетін түрлі саладағы көптеген игі бастамалардың жүзеге асуына жол ашпақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




