- Advertisement -

Ақын тойындағы айтыс

28

- Advertisement -

Белгілі айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Алтынкүл Қасымбекова биыл елу жасқа толады. Жерлестері ақынның іс-шарасын «Жамбыл – менің жәй атым, халық менің –шын атым» атты ақындар айтысымен бастап кетті.

Бурыл ауылдық Мәдениет үйінде өткен айтысқа Жамбыл ауданының да айтыскерлері шақырылды. Іс-шараны Байзақ ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов сөз сөйлеп ашып, Алтынкүл Айтбайқызына мәдениет саласы қызметкерлері атынан құрмет көрсетті.

Мұнан соң бес жұп ақындар айтысы өтті. Олар Алтынкүл ақынды жан-жақты жырлап, шеберліктерін байқатты. Мәселен, Нұрлыбек Құрманов: «Айтысып Есенқұлмен, Мэлспенен, Мықтылығын өзінің дәлелдеген» десе, Медеу Мырзатай: «Әр жас ақын баласы Алтынкүлдің» деп ұстазына деген құрметін көрсетті. Рай Дөңбай да, Дархан Әбдіманат та тақырыпты әдемі ашты. Дидар Басықараевтың: «Ұстазымның тойында ойлап па едім, шығам деп ұстазымның баласымен» дегеніне ақынның ұлы Сәбит Ысқақов: «Менің анам – Алтын, біліңіздер парқын» деп әдемі жауап бере білді.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Рай Дөңбайға берілсе, өзге орындарға Дархан Әбдіманат, Нұрлыбек Құрманов, Дидар Басықараев, Сәбит Ысқақов ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Алтынкүл Қасымбекова, Ертай Тазабеков бастаған қазылар алқасы марапаттап, диплом және заттай сыйлық табыс етті.

 

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support