«КЕРУЕН-2015» ЖОЛҒА шығады

«КЕРУЕН-2015»  ЖОЛҒА шығады
ашық дереккөз
«КЕРУЕН-2015» ЖОЛҒА шығады

28Облыс әкімдігінің қолдауымен азық-түлік тиелген автокеруен аудандарға аттанбақ. «Керуен-2015» аталатын бұл жәрмеңкеге мұрындық болып отырған – облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорына қарасты «ТЗК «Тараз» ЖШС-ы. Облыстың он ауданын түгел қамтитын бұл керуеннің алғашқы легі осы сенбіде Меркіге табан тіремек. Оны облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов пен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Шамсат Исабеков бастап барады деп жоспарлануда. Жалпы, бұл игілікті шараның басты мақсаты – облыс жұртшылығын ел Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыруда нарыққа барынша ықпал жасау. Бастысы, бұл жәрмеңкеде сатылатын өнімдер базар бағасынан анағұрлым арзан болмақ. Сондықтан, ауылыңызға барған керуеннің базарлығынан құр қалмаңыз, ағайын! Ол төмендегі тізім бойынша өткізілетін болады: Меркі – 17 қаңтар, Қордай – 18 қаңтар, Мойынқұм – 24 қаңтар, Шу – 25 қаңтар, Т.Рысқұлов – 31 қаңтар, Байзақ – 1 ақпан, Жамбыл – 7 ақпан, Жуалы – 8 ақпан, Талас – 14 ақпан, Сарысу – 15 ақпан. «Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар