Мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізілді
Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың қатысуымен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы өтіп, жиынды облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды. Сессияда «2024-2026 жылдарға арна лған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева, «Бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру туралы» облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Серікхан Пернеш хабарлама жасады.
Сессияда облыстық мәслихаттың «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы облыстық терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы» 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-10 шешіміне, «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23- 21, «Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы туралы» 2023 жылғы 21 сәуірдегі №2-15, «Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық және қайта бекітіп беру бойынша комиссия құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-19, «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» 2005 жылғы 11 ақпандағы №7-16, «Жамбыл облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссия туралы» 2013 жылғы 4 мамырдағы №12-11, «Облыстық эвакуациялық комиссияның құрамы туралы» 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-15, «Жамбыл облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» 2009 жылғы 29 қазандағы №16-9, «Инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Өңірлік кеңестің құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-8, «Облыстық бюджеттік комиссияның құрамы туралы» 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-10 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Тасымалдаушылар ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға тиісті әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін ауданаралық (қалааралық, облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қаламаңылық қатынастар тарифі бойынша комиссия құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №27-9 шешімін жою туралы мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді