Азияның жаһандық рөлі
Биыл еліміз 6 негізгі халықаралық ұйымға төрағалық етеді. Солардың бірі – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Оны құру туралы бастаманы 1992 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында Қазақстан ұсынған болатын. АӨСШК – Азия континентіндегі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін беделді құрылым. Кеңестің жұмысына 28 мемлекет қатысады, олар Азия аумағы мен халқының 90 пайызын құрайды. 2022 жылғы қазанда өткен алтыншы саммитте АӨСШК-ті толыққанды ұйымға айналдыру туралы маңызды шешім қабылданған еді. Қазақстан АӨСШК-ге екінші екі жылдық кезең қатарынан төрағалық етіп отыр.
– Қазіргі уақытта қазақстандық төрағалықтың күш- жігері АӨСШК 6-саммитінің шешімдерін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын және 2023 жылғы қыркүйекте өткен ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған. Соның ішінде стратегиялық мақсат – АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру, сондай-ақ жастар мен волонтерлік қызметті қолдауға, қоршаған ортаны қорғауды дамытуға, климаттың өзгеруіне қарсы тұруға, өзара байланыс пен қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамалар мен іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру. Сонымен бірге, саммит қорытындысы бойынша трансформация барлық мүше мемлекеттерге ортақ міндет ретінде белгіленді. Оның негізгі мақсаты – АӨСШК құрылымдық институционалдық дамуы және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы Азияның жаһандық рөлін арттыру, – дейді АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




