Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялады. Байқаудың шарты бойынша, ұсынылған жобалар ансамбльдік шешіммен үйлесімді түйінделген жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.
«Монументтің жобасын іріктеу талаптары: жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық бейнелеу, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімділік. Мүсін алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек», – деп хабарлады аталған министрлік. Жоба авторы монументтің көркемдік шешімі мен
негізгі идеясы мазмұндалған қысқаша түсініктемені де ұсынуы тиіс. Материалдар 10 ақпанға дейін қабылданады. Байқауға жеке және шығармашылық ұжымдық топпен де қатысуға болады. Байқау шарттары жайлы мәліметті толығырақ ведомствоның сайтынан біле аласыздар.
«Ақ жол -Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- Бүгін, 17:06
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- Бүгін, 16:24
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




