
Биыл 27-29 ақпан аралығында Жамбыл облысында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты - халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы хабардар ету.
Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, жүргізушілерді арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті дерекқорлар бойынша тексеруді жүзеге асырады. Көлік құралына тыйым салынғаны анықталған жағдайда борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылады.
- Бірінші күні мемлекет бюджетіне 6 миллион 246 мың теңге өндіріп алынды. Иелерінде төленбеген айыппұлдары бар 89 көлік арнайы айып тұраққа қойылды, - деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы полиция майоры Нұрсұлтан Алишев.
Халық арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 549 борышкердің үй-жайларына бару жүзеге асырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды атында бар әкімшілік айыппұлдарын мерзімінде төлеуге шақырады. Сондай-ақ, жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұлдың 50 пайызын төлеуге құқығыңыз бар екенін естеріңізге саламыз. Жеті тәулік өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық көлемде өтеледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді