Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды
Жамбыл облысында ескертуді елемеген 7 адам қар құрсауында қалып, оларды құтқаруға арнайы мамандар шақыруға тура келген. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, көмек алған жетеудің төртеуі шетел азаматы.
Ер адамдар Жуалы ауданындағы Шымбұлақ стансасынан 7 шақырым жерден табылыпты. Құзырлы органдағылар таратқан мәліметке сүйенсек, қар құрсауынан шығарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған. Барлығы жақын маңдағы ауылға жеткізілген. «Қар құрсауынан 7 адам құтқарылды. Оның төртеуі Қытай Халық Республикасының азаматы. Олар Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады. Құтқарылғандардың айтуынша, таулы аймаққа жел стансасын орнатуға болатын орындарды қарау барысында жол талғамайтын көліктері қалың қарға батқан», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алмас Жұматаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




