«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Атқарылған жұмыс ауқымды

Атқарылған жұмыс ауқымды
ашық дереккөз
Атқарылған жұмыс ауқымды
Өткен жылы Қордай ауданындағы Ауқатты ауылында 66 миллион теңгеге 3 ауыл шаруашылығы бағытындағы инвестициялық жоба орындалған. Атап айтқанда, «Құрылысшы» шаруа қожалығы «ҚазАгроФинанс» корпорациясы арқылы 12,7 миллион теңгеге «Беларус-892» тракторын, ал «Алишер» шаруа қожалығы аталған корпорация арқылы 23,2 миллион теңгеге «ZoomLion RS1304» тракторын лизингке сатып алған. Оған қоса «Ауқаттылық» шаруа қожалығы жеке қаражатына құны 30,1 миллион теңгені құрайтын 60 гектар егістік жерге тамшылатып суғару жүйесін орнатқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ауқатты ауылдық округінің әкімі Алмас Иенберген айтып өтті. Ауқатты, Қызылсай және Бәйтерек елдімекендері қарайтын округ бүгінгі таңда 9022 адамның құтты қонысына айналған. Атқарылған іс те, алдағы жоспар да ауқымды. – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспардағы 5 азаматтың орнына, 8 азамат жастар тәжірибесінен өтті. Округ бойынша 1288 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде қоғамдық жұмысшылар 56 адам, спорттық сауықтыру кешенінде 22 адам, жеке инвест жобалар аясында 50 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 5 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін ашты. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекке қайырылған 11 отбасына, оның ішінде 58 адамға 3,3 миллион теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы әр балаға қосымша 600 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Өткен жылы ауылда спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Спорттық-сауықтыру кешені ашылғалы бері 35 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1500-ден астам адам қамтылды. Білім беру саласы бойынша былтыр Бәйтерек ауылында 150 орындық мектеп құрылысы басталған болатын. Биыл аталған мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Ауқатты ауылдық округі бойынша 3 денсаулық сақтау мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Қызылша ауруына вакцинациялау бойынша берілген жоспар – 686, орындалғаны – 964. Ауқатты ауылдық округі бойынша былтырғы жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына 24 жасақ берілген. Оның ішінде көктемгі шақыру науқанына жоспар 100 пайызға, ал күзгі шақыру науқанына жоспар 91 пайызға орындалды. Ауқатты ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 30 312 гектар, егістік – 7303 гектар оның ішінде суармалы – 3534 гектар, айдалмалы – 3769, жайылым жерлер – 22 095 гектар. Жалпы, ауылдық округте 2023 жылға 5667 мүйізді ірі қара, 26513 ұсақ малдар және 1300 жылқы малы, 5120 құс тіркелген. Ауылдық округте былтыр 3919 гектар жерге жаздық арпа себілді, 36 000 тонна өнім алынды және 126 гектар жерге жүгері себіліп, 14 112 тонна өнім алынды. Картоп 181 гектарға, көкөністер 380 гектарға және 2200 гектар жерге көпжылдық шөп егілді. 2023 жылы округтің шаруа қожалықтары облыстық және аудандық деңгейде ұйымдастырылған 6 ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, 3,4 тонна өнімдерін сауда-саттыққа шығарды, – деген ауылдық округ әкімі көгілдір отын мен ауыз судың мәселесін де атап өтті. Оның айтуынша, Ауқатты ауылында 1071 аула болса, 850-і, яғни 79,3 пайызы табиғи газға қосылған. Ал, Қызылсайда бұл көрсеткіш 49 пайызды құрап отыр екен. Бәйтерек ауылына табиғи газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланыпты. – Ауқатты ауылына 2018 жылы жаңа ауыз су желісінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 1104 абонент ауыз суға қосылған. Өткен жылы Бәйтерек ауылында су тарту құрылыстарын, су құбыры желісін және сервистік желісінің құрылысына тиісті қаражат бөлініп, жұмыстар басталды. Ал, Қызылсай ауылын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған соң, қаражат қарастырылып биыл жұмыстарды бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, шаруаларға суармалы судың тиісті көлемде жетпей қалу мәселесін шешу үшін Қызылсай ауылынан су тоспасын салу жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдігі тарапынан 40 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі алынды. Ендігі кезекте жобалықсметалық құжат әзірлеу үшін жер телімін облыстық құрылыс басқармасына өткізу жұмыстары жүргізілуде, – деген Алмас Білімұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар