- Advertisement -

Саңлақ спортшыларға құрмет

26

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем, сондай- ақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңісімен құттықтады.

Тирана қаласында (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде жамбылдық балуан Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, елімізге әлем чемпионатының ең алғашқы алтынын алып келді.

Сондай-ақ, биылғы жылдың 1-5 ақпан аралығында Астана қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты өткен болатын. Аталған бәсекеде Жамбыл облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте өзгелерден озық шықты. Облыс құрама командасы грек-рим күресінен 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль, еркін күрестен 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді. Айт а кетейік, Жамбыл облысы өткен жылы күрес түрлерінен Қазақстанның VI Жазғы Спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленген болатын.

Ел чемпионатының жеңімпаздары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынасатын болады. Сәуір айында Бішкек қаласында өтетін іріктеу турнирінде күрес түрінен лицензиялар сарапқа салынады.

Облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңісімен құттықтап, оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.

Мұнан соң, спортшыларға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша күре с федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев пен спорт ардагері Ақан Бекназаров аталған спорт түрлерін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныс- пікірлерін жеткізді.

Аймақ басшысы бірқатар мәселелер бойынша спорт басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support