«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Оқушылар игілігіне жаңа автобустар берілді

Оқушылар игілігіне жаңа автобустар берілді
ашық дереккөз
Оқушылар игілігіне жаңа автобустар берілді
Тараз қаласындағы орталық алаңда 14 жаңа автобустың кілті табыс етілді. Мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған көліктер елімізде құрастырылған. Аталған іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Білім ошақтары басшыларына кілттерді табыстау барысында аймақ басшысы еліміздің ертеңгі болашағы саналатын оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына жағдай жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін атап өтті. Облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаевтың айтуынша, республикалық бюджеттен лизингке алынған 14 автобустың жалпы құны 645 миллион 600 мың теңге болған. Оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген автобустардың төртеуі 22 орындық болса, 10-ы 38 орындық. Айта кетерлігі, арнайы көтергіш құрылғылар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар да автобусқа еш кедергісіз мініп-түсе алады. «Тараз қаласы мен Шу, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарына берілген автобустар мектебі жоқ 39 елді мекендерде қызмет атқарады. Соның ішінде мектеп жасындағы 923 бала, тек бастауыш мектептері бар 35 елді мекеннен 1 465 бала, тек негізгі мектептері бар 10 елді мекеннен 201 бала және ауыл, қала ішінде 4 949 бала, барлығы 7 538 бала мектептерге және кері қарай күнделікті т асымалданады. Облыс бойынша оқушыларды күнделікті тасымалдайтын 110 автобус бар», – дейді Мұхит Аманқұлұлы. Шу ауданындағы С.Сейфуллин атындағы мектептің директоры Есболат Әліпбаев өз сөзінде қолданыстағы автобустың тозығы жеткенін айтты. Енді аталған мектептегі 71 оқушы жаңа автобустармен қатынайтын болады.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар