Жамбылда не жаңалық?
Бүкіл халықты коронавирустан вакциналауға қажеттілік жоқ – вице-министр
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2024
- 1.7k
Бүкіл халықты коронавирустан вакциналауға қажеттілік жоқ – вице-министр
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясынан вакцина салдыруға немесе ревакцинация жасауға ешқандай қажеттілік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша қазір бүкіл халыққа коронавирустан вакцина салдыруға немесе ревакциянация жасауға қажеттілік жоқ. Тек халықтың осал топтарына, егде жастағы адамдарға егуге болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға қарай әрбір ел өзі шешеді", - деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда COVID-19-дан вакцина жоқ.
"Қазір коронавирус инфекциясынан вакцина жоқ. Ол бізге керек те емес. Егер эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, "OtarBioPharm" бір айда қажет дозасын шығарады. Бірақ, қайталап айтамын, ДДСҰ ұсынымына сәйкес, коронавирустан екпе алуға қажеттілік жоқ", - деді вице-министр.
Ол коронавирус инфекциясының маусымдылығы әлі анықталмағанын атап өтті. Вирус жыл он екі бойы тіркеліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмның аялдамаларынан адам ұялады...
- 20 қаңтар, 2026
Жуалыдағы көзбояушылық кімге керек болды?
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




