Жаңалықтар
Жамбыл облысының оқушыларын тасымалдайтын жаңа 14 автобус пайдалануға берілді
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2024
- 764
Жамбыл облысының оқушыларын тасымалдайтын жаңа 14 автобус пайдалануға берілді
Жамбыл облысының оқушыларын тасымалдайтын жаңа 14 автобус пайдалануға берілді,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді алты ауданның оқушылары мектепке су жаңа көлікпен тасымалданады
Жамбыл облысында білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобус пайдалануға берілді.
Балалар игілігіне беріліп жатқан жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының білім бөлімі мен аймақтағы алты аудан, дәлірек айтқанда, Шу, Жамбыл, Жуалы, Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарының білім бөлімдеріне көлік кілттерін өзі табыстады.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында өңірде мектебі жоқ 39 елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы 923 бала, тек бастауыш мектептері бар 35 елді мекендерден 1 465 бала, негізгі мектептері бар 10 елді мекендерден 201 бала және ауыл, қала ішінде 4 949 бала, барлығы 7 538 бала мектептерге және кері қарай күнделікті автобуспен тасымалданады. Облыс бойынша оқушыларды күнделікті тасымалдайтын автобустар саны 110 дана.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




