Электронды мемлекеттік қызметтердің қатары артты
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Тізілімнің жаңа редакциясында мемлекеттік қызметтердің 1353 түрі бар, бұрын мұндай қызметтер саны 1318 болған. Соның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 1267 қызмет (93,6%) (бұрын 1245 қызмет 94,4%), «Электрондық үкімет» порталы арқылы 1214 қызмет (89,7%) (бұрын 1201 қызмет 91,1%), тек көрсетілетін қызметті беруші арқылы 84 қызмет (6,2%) (бұрын 73 қызмет 5,5%) бекітілген. Бұл жөнінде және басқа да электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер турасында өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары Данияр Медетбеков мәлім етті. Айта кетейік, қазіргі таңда филиал бойынша жалпы 17 халыққа қызмет көрсету бөлімі, 1 сектор Шу қаласында, 1 филиалдың бірыңғай байланыс орталығы жұмыс атқарады. Фронт-офистер 385 штатпен халыққа қызмет көрсетеді. Биылғы 9 айда фронт-офистер бойынша барлығы 831670 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Фронт-офистердегі өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 9 айда 845995 мемлекеттік қызмет атқарылған. Биылғы Мемлекеттік корпорацияның жаңа мемлекеттік қызметтері мен сервистеріне тоқталған Данияр Түзелбекұлы жаңа қызметтер мен сервистер тізіліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 19 жаңа түрі енгізілгенін айтты.
– Мемлекеттік корпорация өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелерін беруді мынадай қызметтер бойынша жүзеге асырады. Атап өтсем, «Абоненттік нөмірді «электрондық үкімет» веб-порталының есептік жазбасына қосу», «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу», «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу», «Өлімді тіркеу туралы хабарлама беру», «Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру», «Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар туралы ақпарат беру». Сонымен қатар, «Әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлемегені үшін артық, қате төленген әлеуметтік аударымдарды немесе өсімпұлдарды қайтару», «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және өсімпұлдарды қайтару», «Заңды тұлғаның таратылғанын растайтын құжаттың көшірмесін беру», «Заңды тұлғаны алдағы уақытта тарату туралы өтініштерді қабылдау», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын, жарналарын уақтылы және толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың, өсімпұлдардың артық, қате есептелген сомаларын қайтару», «Қызметтік істер бойынша визаларды ресімдеу (А3)», «Емделуге Визаларды ресімдеу (С12)», «Жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін ұсыну», «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін өзектендіру (түзету)», «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау». Сол секілді «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» қызметтер де енгізілді. Сондай-ақ, Тізілімге Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті беруші болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 10 жаңа түрі енгізілді. Яғни, «Құрылтайшылар және Жарғылық капиталдағы үлестер (оның ішінде шетелдік қатысу үлестері) туралы ақпарат беру», «Заңды тұлғалар тізілімінен (бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен) үзінді көшірме», «Заңды тұлға басшысының лауазымынан босату туралы ақпарат беру», «Заңды тұлғаның таратылғанын растайтын құжаттың көшірмесін беру», «Заңды тұлғаны алдағы уақытта тарату туралы өтініштерді қабылдау», «Жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін ұсыну» (АШМ), «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін өзектендіру (түзету)», «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау», «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» қызметтер қосылған болатын.
Сонымен қатар, биыл Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы шетел азаматтары «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» (корректировка ИИН) мемлекеттік қызметін ала алады, – деді филиал директорының орынбасары Данияр Медетбеков.
Жеке сәйкестендіру нөмірін түзету үшін жеке тұлға немесе оның заңды өкілі көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы бекітілген қағидаларға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып өтініш білдіре алады. Шетел азаматтарына сапалы және тез қызмет көрсету мақсатында Мемлекеттік корпорацияның қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде және көші-қон орталықтарында қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» (Формирование ИИН) мемлекеттік қызметін ақылы түрде көрсету қызметі іске қосылыпты. Шетел азаматтарына ақылы түрде қызмет көрсетілген жағдайда олар электрондық талондарды приоритетті түрде алып, қызметті жылдам рәсімдеуге мүмкіндіктері бар.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі көрсетілетін қызметтер бойынша да жаңа сервистер іске қосылған. Олардың бірі – Электрондық портал арқылы «Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру (жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі)» сервисі. Бұл арқылы жеке тұлғалар ақылы түрде жоғары сұранысқа ие, азамат өз ойындағыдай мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алуға тапсырыс бере алады. Қызмет көрсету мерзімі Астана және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күні ішінде, облыстар мен Шымкент қаласы үшін 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Биылғы 9 айда мамандандырылған бөлімдер және секторлар арқылы барлығы 148360160 теңгеге 504 жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі рәсімделген. Сонымен қатар, бастапқы жүргізуші куәліктерін алу процесін жеделдету мақсатында қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін «ЦОН» мобильдік қосымшасы арқылы бейнеқоңырау жасаумен бастапқы жүргізуші куәліктерін алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсыруға бронь жасап, белгіленген уақытында емтихан тапсыруға мүмкіндіктері бар. Қыркүйек айынан іске қосылғаннан бастап, филиал бойынша БейнеЦон сервисі арқылы барлығы 583 өтінім беріліпті.
– Тағы айта кететін жаңалық, биылғы мамандандырылған бөлімдерде бастапқы жүргізуші куәлігін алу процесінде теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру тек алдын ала броньдау арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін https://booking.gov4c.kz/ сайтына кіріп, емтихан түрін таңдап, ыңғайлы күні мен уақытын белгілеп, бөлімді таңдап, емтихан тапсырады. Сонымен қатар, жүргізуші куәліктерін алу, автокөліктерді тіркеу, қайта тіркеу қызметтері бойынша процестерді жақсарту мақсатында мамандандырылған бөлімдерде және секторларда «ХҚКО 2.0» және «ПДД 3.0» бағдарламалары іске қосылды. Жаңа сервистерден тағы «еGov mobile» мобильді қосымшасы техникалық байқау құжатының мерзімі өткені туралы push-хабарламалар жіберу сервисі іске қосылды. Электрондық анықтамалар мен қызметтерді өз бетінше алу процесін жетілдіру мақсатында Kaspi bank мобильдік қосымшасында азаматтардың цифрлық құжаттарды қолдану мүмкіндігі пайда болды. Ол үшін Kaspi bank мобильдік қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» сілтемесіне кіріп, «Цифрлық құжаттар» батырмасын басу қажет. «Цифрлық құжаттар» ішінен жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды, әлеуметтік, медициналық анықтамаларды азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, өз бетінше алуларына да болады. Жаңа қызметтердің ішінен тағы «еGov mobile» қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін рәсімдеу қызметі қосылды. Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін «eGov mobile» қосымшасында онлайн түрде рәсімдеуге болады. Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай-ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді. Несиелендіру бағытында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті eGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында беру қызметі іске қосылды. Енді әр қазақстандық несие мен шағын несие алуға өз атынан ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасындағы және eGov.kz электронды үкімет порталының жаңа сервисін қолдану арқылы жасай алады. Сервиске өтінішті азаматтың өзі ғана толтырады. Несие алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ, бұл шектеулерді кез келген уақытта «ерікті бас тарту» қызметін көрсетумен мерзімінен бұрын алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар, қазақстандықтар eGov.kz «Электрондық үкімет» порталында туу, неке қию және ажырасу туралы актілерге өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруіне де болады. Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін және әкесінің атын өзгерту секілді жағдайларда «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады, – деген Данияр Түзелбекұлы қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болатынына да нақты тоқталды.
Оның айтуынша, баланың тегін, ата-анасының немесе олардың біреуінің тегін ауыстыру кезінде, ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз болып танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың атын, тегін, әкесінің атын өзгертсе, ұлттық дәстүр бойынша тегін әкесінің немесе атасының атынан жасалған тегіне ауыстырса, азаматтық хал актілерінде қате мәліметтер көрсетілсе, тегін және атын, әкесінің атын өзгертерде «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметін қолданады.
Баспасөз брифингіндегі Данияр Медетбековтің баяндамасынан филиал электрондық қызметтерді және сервистерді азаматтар тарапынан кеңінен қолдануы үшін көптеген жұмыстарды атқарып отырғанын байқадық. Сондай жүйелі қызметтің бірі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы бірлескен іс-шараларды жүргізудің арқасында қазан айынан бастап облыстағы аудандарда 40 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде (СОПС) мемлекеттік қызметтерді алу орындары ашылған. Сонымен қатар, осы күнге дейін шалғай елді мекендерге шығып, қызмет көрсетілетін «Жылжымалы ХҚКО» жобасы Цифрлық даму министрлігінің шешімімен Жамбыл және Қордай аудандарында өз жұмыстарын тоқтатыпты. Жұмыс сапасын жақсарту және қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында филиалдың Байзақ және Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдері жаңа ғимаратқа көшіп, «NEW CON» жобасы аясында қызметтер көрсете бастаған.
Биыл жыл соңына дейін Тараз қаласының Төле би көшесі 89Г мекенжайында орналасқан ғимаратқа қалалық №1 халыққа қызмет көрсету бөлімін «NEW CON» жобасы аясында көшіру жоспарланған. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда қолайлылық туғызатын басқа да жобалар іске қосылуы мүмкін екенін айтқан Данияр Медетбеков алдағы уақытта да жаңалықтарды барынша елге хабарлап отыратындарын жеткізді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді