Ақпарат

Ақпарат
ашық дереккөз
Ақпарат
Жамбыл облысының қалалық, аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттарының орнына 2024 жылдың 31 наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінде орын беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес, облыстық «Aq jol» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдардың көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын мақала түрінде жариялайды. Үгіт-насихат материалдарын кандидаттардың өздері дайындайды. Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:
  1. Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, мерзімі, уақыты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
  2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидаттық куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.
Үгіт материалдарын жариялау тәртібі Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісімшарт жасасады. Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады. Сайлауалды үгіт 2024 жылғы 05 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00.00-де аяқталады. Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «Aq jol» газетінің кезекті саны жарыққа шығардан үш жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар, электронды нұсқасы қоса болуы керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша нұсқасының біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды. Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек. Қызмет көрсету құны – ішкі беттерде 1 (бір) шаршы сантиметрі 250 (екі жүз елу) теңге ҚҚС-ны қоса алғанда. ПРАЙС-ПАРАҚША Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газеттердің меншік иесі: – «Aq jol» (форматы D2; шығу жиілігі аптасына 3 рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі; тілі – қазақ, орыс; бір реттік таралымы 8335 дана); – «Знамя труда» (форматы D2; шығу жиілігі аптасына 3 рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі; тілі – орыс, қазақ; бір реттік таралымы 3332 дана); – «АRAI» (форматы D2; шығу жиілігі аптасына 2 рет: cәрсенбі, жұма; тілі – қазақ, орыс; бір реттік таралымы 4667 дана). Жоғарыда көрсетілген газеттерде материалдарды орналастыру бағасы: – ішкі беттерде 1 (бір) шаршы сантиметрі 250 (екі жүз елу) теңге ҚҚС-ны қоса алғанда.  

Бас директор Данияр АСҚАРҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар