- Advertisement -

Қазақстандықтар Jana Post пен 1688 арасындағы серіктестік нәтижесінде жаңа мүмкіндіктерге ие болады

32

- Advertisement -

Jana Post инновациялық курьерлік сервисі Қытайдың аса ірі онлайн-сауда алаңы – 1688-бен келісім жасай отырып, бұл мәселені шешуге бағытталған үлкен қадам жасады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың ірі маркетплейстерінен зат сатып алу – көптеген қазақстандық үшін шопингтен қаражат үнемдеуге мүмкіндік беретін тәсіл. Әйтсе де, бұған дейін жақын көршіміздің, әрі аса маңызды экономикалық серіктесіміздің аумағынан сәлемдемелерді жеткізу бойынша сенімді сервистің болмағаны айдан анық.

Кеше ғана Jana Post халықтық сервисі Pinduoduo сауда платформасының ресми серіктесі және ҚХР-дан сәлемдемелер жеткізу бойынша тез өркендеп келе жатқан отандық стартап болатын. Сервис басшылығы өз функционалын кеңейтіп қана қоймай, барша қазақстандыққа 1688 (қытайша атауы «и лиу ба ба» деп айтылады, «алибаба» сөзіне ұқсайды) сайтынан керегін сатып алуға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға шешім қабылдады. 2024 жылғы ақпан айының басында Jana Post командасы Алматыда 1688 шетелдік даму департаментінің өкілдерімен кездесу өткізді. Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі аймақтық директор Яо Оуин және Орталық Азиядағы клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер Шао Цзямей Jana Post қолданбасы және сервис жұмысының көлемдерімен танысты.

«Біз жергілікті кеден қызметімен жұмыс жүргізудің және Қазақстандағы е-commerce дамуының жай-жапсарын білдік, сондай-ақ ҚҚС төлеудің мән-жайын талқыладық. 1688 бен Jana Post-тың бірлесіп даму бойынша көптеген жоспарлары бар, біз өте ризамыз», — деп мәлімдеді Яо Оуин.

Келіссөз қорытындысы бойынша, тараптар 2024 жылдың ақпан айынан бастап Jana Post қолданбасында 1688 сайтына сілтеме қолжетімді болады деген келісімге келді. Мұның арқасында клиенттер қытайлық мекенжайды қоспай-ақ, тауарларға Қазақстанға жеткізуге тікелей тапсырыс бере алады, ал тапсырыс беру үдерісі клиенттерден кері байланыс алынғаннан кейін жетілдіріледі.

Оған қоса 2024 жылдың 1 наурызынан 31 наурызына дейін клиенттерге алуан түрлі акциялар мен бонустар ұсынылады, оларды пайдаланушылар жеке кабинеттерінен таба алады.

«2024 жылдың ақпан айынан бастап клиенттеріміз Jana Post қолданбасы арқылы біздің Instagram-дағы ресми парақшамыздан 1688 сайтынан тапсырыс беру мүмкіндіктерін біле алады. Айта кететін бір жайт, 1688 қолданбасы жұмыс істей бастаған кезде тауарлардың қазақ тіліндегі сипаттамасы берілетін болады, бұл клиенттеріміздің сатып алу әрекетін жеңілдетеді», — деп атап өтті Jana Post бас директоры Сержан Тоқай.

Jana Post пен 1688-дің бірлескен жұмысының мақсаты Қазақстанның ең шалғай аудандарына жеткізу болып табылады. Осыған байланысты компания филиалдар желісін әрмен қарай кеңейте түсуді, сондай-ақ сәлемдемелерді есікке дейін жеткізіп беру мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр.

1688 сайтынан тапсырыс берудің көптеген артықшылықтары бар екенін айта кету қажет:

  • тауарлардың қолжетімді құны қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді;
  • өзге маркетплейстерде әлі ұсыныла қоймаған тауарлардың үлкен ассортименті. 1688 сайтында сапа бақылауы бойынша тексеруден өткен тауарлар бөлімі бар, мұның арқасында клиенттер қолжетімді бағамен сапалы тауарлар сатып ала алады;
  • тапсырыстарды беру орындарының ауқымды желісі.

Жарты жыл ішінде Jana Post бүкіл Қазақстан бойынша өзінің 80 филиалын ашты, 2024 жылы олардың санын 400-ге дейін көбейту жоспарланып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support