- Advertisement -

Өнеркәсіптік көлемде ұлу өсіріледі

22

- Advertisement -

Жамбыл облысында итальяндық Lumacheria Italiana компаниясы биылдан бастап өнеркәсіптік ауқымда ұлу өсіруді қолға алмақшы.

Облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыровпен өткен кездесуде компания өкілдері Жамбыл облысын таңдауға қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар себеп болғанын, соның арқасында ұлуларды өнеркәсіптік көлемде дүние жүзіндегіден 4 есе арзан өсіруге мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Жоба жергілікті «Мерагро» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынып отыр: өңірде ұлуларды өсіруді жолға қою, инкубатор салу, оларға жем өндірісін іске қосу және ұлу етін өңдеу зауытын салу.

Бастапқы кезеңде инвестиция көлемі 2 миллион еуродан асады. Серіктестік жергілікті фермерлерді оқытуға дайын.

Қабық пен муцин – ұлулар шығаратын шырыш косметологияда қолданылады. Ұлу еті – ерекше деликатес және бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие.

Жамбыл облысы өнеркәсіптік көлемде ұлу өсірілетін Орталық Азиядағы бірінші аймақ болмақ.

Айта кету керек, Lumacheria Italiana ұлуларды өндіруде әлемдік көшбасшы болып саналады.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support