Құқық
Жамбыл облысының тұрғыны қос азаматтығы үшін елден шығарылды
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2024
- 1.2k
Жамбыл облысының тұрғыны қос азаматтығы үшін елден шығарылды
Жамбыл облысында Меркен аудандық соты азаматқа қатысты республиканың азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың ақпан айында Қазақстаннан Қырғызстанға мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекарашылар ер адамның қос азаматтығы бар екенін анықтаған.
Белгілі болғандай, ол 2010 жылы Түркия Республикасының азаматтығын алып, заңмен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу қажет екені туралы білмегенін түсіндірді. Айыппұлды төлей алмайтындықтан, айыппұл салмауды өтінді.
ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы, 2-бөлігіне сәйкес шетел азаматтығын алу фактісі туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламау 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Сот шешімімен ер адам осы бап бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстаннан шығарылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы ҚАЖ мекемесінде жас қызметкерлерге шен тапсырылды
- 28 сәуір, 2026
46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




