Ұлағаты мол Ұзақбай

Ұлағаты мол Ұзақбай
ашық дереккөз
Ұлағаты мол Ұзақбай
Жаңатас қаласының тұрғыны Ұзақбай Сұрашев қандай құрметке де лайық. Ұзақбай Арапбайұлы 1979 жылы қазіргі Қазақ ұлттық университетінің математика және механика факультетін бітіріп, Жаңатас қаласында еңбек жолын бастаған. Жаңатастағы комбинатта ұзақ жыл инженер-бағдарламашы болып еңбек етті. Ол жауапкершілігі жоғары маман, білікті инженер ретінде ерекшеленді. Қызмет жолында бірнеше шәкірттер дайындап, жас толқынға бағыт-бағдар беруден жалыққан емес. Осынау ерен еңбектері ескеріліп, бірқатар марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағын алды. Қазіргі таңда Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Қадірлі ақсақал ретінде мектептерге жиі кездесуге барып, жасөспірімдерге өзінің ұлағатты өмір жолынан тағылымды естеліктер айтудан жалыққан емес. Өзінің немерелеріне де әуелі ақша табудың жолын емес, адалдық пен ізгіліктің, жақсылықтың жолын үйретіп келеді. Тәрбиенің түзулігінен болар, өз перзенттері де, немерелері де адалдық жолын ту етіп келеді. Кезінде қызметтес болған замандастарымен де байланысын үзбей, хабарласып тұрады. Қария жүріп өткен жолына құрметпен қарайды. Бұл да талайларда кездеспейтін асыл қасиет болса керек. Ұзақбай Арапбайұлын балдыздары Шәрия, Мария, қайнысы Табиғат, келіні Мақпал 70 жас мерейтойымен құттықтайды. Ұзақбай Сұрашев жұбайы Рыскүл Әбдәліқызымен бірге 3 перзент тәрбиелеп өсіріп, олардан 5 немере сүйіп отыр. Ол елдің ақсақалдары ұлағатты, адал болса, жас ұрпақтың да бойы тазалыққа тұнып тұрады деген ниетті ұстанады.  

Есет ДОСАЛЫ

Сарысу ауданы

Ұқсас жаңалықтар