Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметшінің орны бос
Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметшінің орны бос,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Шариповтың айтуынша, өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 4 475. Қазіргі таңда 4 220 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Бос лауазымдар үлесі – 255 немесе 5,7 пайыз. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41,1. Сондай-ақ сала мамандарының орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 12,8 жыл. Өткен жылы мемлекеттік қызметшілерге арналған тестілеуден өтуге барлығы 4 266 азамат өтініш білдіріпті. Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 1 401 адам немесе 32,8 пайызы тестілеудің шекті мәнінен өткен. Руслан Шамелұлының айтуынша, 2023 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 14 тексеру жүргізіліпті. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 386 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 10 нұсқама және 4 ұсыныс енгізілген. Нұсқамалар мен ұсыныстар толығымен орындалған. Сонымен қатар тексерулер нәтижесінде 1 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалыпты. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 15 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған."Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтердің 369 түрі көрсетіледі. Өткен жылы 15 363 047 қызмет көрсетілсе, оның 98,3 пайызы электронды түрде ұсынылған. 2022 жылмен салыстырғанда электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 1,3 пайызға артқан. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында департаментпен барлығы 20 тексеру жүргізілген. Тексеру жұмыстарының барысында жалпы 469 заңбұзушылық анықталып, қорытындысы бойынша 53 ұсыныс енгізілді және толық орындалды. Жалпы бақылау шараларының нәтижесінде заңбұзушылықтарға жол берген 45 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Рұқсат беру құжаттарының мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 24 хаттама толтырылды. Әкімшілік істер қысқартылған іс-жүргізу тәртібінде қаралып, 960 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды және ол мемлекеттік бюджетке толық өндірілді. Мұнан бөлек өткен жылы департаментпен облыстағы қаржы және орман шаруашылығы салаларында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Аталған салаларда мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша агенттікке 44 ұсыныс енгізілді", - дейді Руслан Шамелұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді