Жаңалықтар
Қазақстанда уақыт белдеуі өзгереді: мектептерде сабақ уақыты ауысуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 20 ақпан, 2024
- 627
Қазақстанда уақыт белдеуі өзгереді: мектептерде сабақ уақыты ауысуы мүмкін
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр уақыттың өзгеруін сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар қабылдағандықтан, қисынды деп санайды.
"Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады", - деді Бейсембаев үкімет брифингінде.Еске салайық, 1 наурыздан бастап Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне ауысады.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




