Патшаның шешімі

Патшаның шешімі
ашық дереккөз
Патшаның шешімі
Ертеректе бір әділ патша өмір сүріпті. Ұзақ жылдар өткенде өзінің орнына лайықты адам іздеп, қырық уәзірін жинап алып, шарт қойыпты. Барлығына бір- бірден гүлдің тұқымын беріп тұрып «Алты ай уақыт беремін. Осы тұқымнан бір-бір қауашақ гүл өсіріп әкелесіңдер. Кімнің гүлі жақсы, биік, әдемі өссе, сол адамға тағымды беремін», – дейді. Содан қырық уәзір гүлдің тұқымын алып, жөндеріне кетеді. Арада зымырап алты ай уақыт өтеді. Уәзірлер патшаның алдына жиналады. 39 уәзір қауашақтарын алқызыл гүлге толтырып келсе, біреуі ғана бос қауашақты әкеліпті. Басқасы гүл өсіре алмаған уәзірді мазақ етіп, күліпті. Бір уақытта сырттан келе жатқан патша қаумалаған уәзірлерінің біріне де аялдамай, әлгі бос қауашақ әкелген адамның қасына келіп, ризашылықпен қарап: «Өсіре алмадың ба?» – дейді. Патша артынша барлық уәзірлерді жинап алып: – Мен сіздерді сынап көру үшін гүлдің қурап кеткен тұқымын беріп едім. 39-ыңыз мені алдап, өтірік гүл өсіріп келдіңіздер. Тек бір ғана уәзірім бос қауашақ әкелді. Демек, сол ғана адалдық танытты. Сол ғана әділдікке тура қарады. Сол уәзіріме тағымды беремін, – депті. Бұл тәмсілдің аст арында түрлі көрініс жатыр. Адалдық пен тазалықтың жолы соншалық қиын екені, қиын болса да кейде әділдіктің де салтанат құратыны қандай жақсы!  

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар