Ауылдың мәселесі оң шешімін табуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Ғазиз Абаханов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берді. Оның айтуынша, округте 1089 аула, 6277 тұрғын бар. Суармалы жер 1838, тәлімдік жер 2659 гектарды құрайды. Өткен жылы дәнді дақылдар мың гектардан астам алқапқа себілген. Жылдан жылға төрт түліктің саны да арта түскен. Ауылда наубайхана, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар жұмыс істеуде.
Округ аумағындағы екі орта, бір бастауыш мектепте 1530 оқушы білім алуда. Сонымен қатар үш бөбекжай бақшасында 210 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Ауылдық клуб пен кітапхана, спорттық ныс андары заман т а лабына с ай жабдықталған. Округ аумағынан бір әлем, екі Қазақстан чемпионы шығып отыр. Салықтан түскен түсімдер 2023 жылы жоспарланған 24 миллион 367 мың теңгенің орнына 26 миллион 312 мың теңгені құрап, 2 миллион теңгеге артық орындалған.
Әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын әр саладан байқауға болады. Мәселен, аталған округте 5 отбасы ғана атаулы әлеуметтік көмек алады. Ауыл бойынша 17 адам қайтарымсыз грант алса, 43 азамат «Бастау – бизнес» жобасы бойынша білім алып, оның арнайы сертификатын иеленген. 44 адам ақылы қоғамдық, 24 адам Жастар тәжірибесімен жұмысқа тартылыпты. Тұрмысы төмен Қымбат Ходжибаеваға «Асар» жобасы аясында ауыл азаматтары баспана салып берген. Амангелді Иманов көшесі орташа жөндеуден өтсе, жеті көшеге шағал төселген. Ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылуы да шешімін тапқан.
– Биыл Р.Рүстемов көшесіне газ құбырын жүргізу, А.Иманов көшесіне түнгі жарықтар орнату және Ботамойнақ ауылына футбол алаңшасын салу көзделіп отыр. Дегенмен, округте шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Округтегі 21 көшенің 13 көше сінде жарық, 16 көшесінде асфальт жоқ. Мал басы жылдан жылға өсіп жатқандықтан, 8 мың гектар мал жайылымы жетіспейді, – дейді округ әкімі.
Жиын соңында округ әкімі Ғазиз Тілеубайұлы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді