Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ және Жамбыл аудандарындағы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Аймақ басышы алдымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын көрді. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан нысанның құрылысы мердігер «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізуде. Заманауи талаптарға сай салынатын мектепте жергілікті оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық қолайлы жағдай жасалады. Облыс әкімі білім ошағының құрылысын ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін аяқтауды тапсырды. Биыл облыс бойынша 12 «Жайлы мектептің» құрылысы басталады десек, оның 7-і осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев аталған ауылдағы және Жамбыл ауданы Қаракемер ауылындағы спорт кешендерінің де құрылысын тексерді. Аймақ басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасын, мерзімін және қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді. Жалпы, осы жылы 206 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асады, оның 159-ы осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, облыс әкімінің жергілікті жердегі мәселелермен, құрылыс алаңдарындағы жағдайлармен танысу мақсатындағы аудандарға жұмыс сапары әр апта сайын жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




