Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт...

Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт...
ашық дереккөз
Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт...

11Дүниежүзіндегі ең жас ел басқарушылардың рейтингін 30 жасында Конго Демократиялық Республикасының президенті болып сайланған Жозеф Кабила бастап тұр. 1971 жылы 4 маусымда дүниеге келген Кабила 2001 жылы әкесі Лоран Кабила өлгеннен кейін Конго мемлекетінің басшысы болды. Ал 2006 жылдың қазанында мемлекеттің демократия­лық жолмен сайлан­ған алғашқы президенті атанды. Ол – отбасындағы он баланың ең үлкені. Бір қызығы ол  президент кезінде отау құрыпты.

12Әлемдегі ең жас жүзгіш атанған Майкл Фелпс 15 жасында АҚШ-та өткен біріншілікте 200 метр қашықтықта жүзіп өтіп, дүниежүзілік рекорд орнатты. 2003 жылы ол бір жарыста қатарынан бес рекорд орнатып, одан кейін бұл көрсеткішті ешкім қайталай алмады. 2003 жылы әлемнің үздік жүзгіші атанған Майкл Фелпс – дүниежүзілік спорт тарихында 18 мәрте олимпиада чемпионы, 22 мәрте олимпиада ойындарының жүлдегері, 50 метрлік бассейнде жүзуден 26 мәрте әлем чемпионы атанған абсолютті спортшы.

2012 жылы маусым айында 12 жастағы гроссмейстер Хоу Ифань рекордын жаңартқан қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында он екі жастағы ең жас шахматшы атанды. Бразилияда өткен біріншілікте төртінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған жерлесіміз 80 елден келген 1230 жас қыз балалар арасынан озып шықты. Жансаяны алда әлі талай жарыстар күтіп тұр. Жас вундеркиндте әлемнің ең үздік шахматшыларының қатарына енуге мүмкіндік мол.

13Жоғары оқу орнының ең жас оқытушысы деген атқа 8 жастағы үнді баласы ие болды. Аман Рехман Лондондағы Дехредунның Интерактивті өнер колледжінде өзінен үлкен студенттерге машина-генераторлы мультфильм пәнінен дәріс береді. Гиннестің рекордтар кітабына енген Аманның бұл талантын отбасы үш жасында байқаған. Үш жарым жасында арнайы мультипликация бағдарламасының көмегімен билейтін әріптері бар өзінің алғашқы фильмін ойлап тапқан.

14Британиялық Генри Паттерсон деген балақай 8 жасында ең алғашқы кәсібін бастады. Ол алғашында тыңайтқыштар сатумен айналысты. Содан Генри интернет-дүкенін ашты. Интернет жас кәсіпкерге 150 фунт-стерлинг пайда түсірді. Қазір Генри 1987 жылғы «Уолл-Стрит» фильміндегі Гордон Гекконы еске түсіретін «Not Before Tea» деп аталатын тәтті сататын интернет-дүкенін ашты. Алғашқы аптаның өзінде 100-ден аса тапсырыс түскен. Жастайынан жеке кәсіппен айналысып жүрген Генри болашағынан мол үміт күттіреді.

Ұқсас жаңалықтар