Ел аумағына шетел автокөліктерін заңсыз әкелу соңғы уақытта көбейіп кеткен сыңайлы. Оған Қазақстанның Кеден одағына кіргеннен кейінгі кедендік баждардың мөлшерінің өзгеруі себеп болып отыр. Әсіресе көршілес Қырғыз Республикасы және Кеден одағы елдерінен әкелінген автокөліктердің баждары арасында үлкен айырмашылық туындады. Көрші мемлекетте автокөлік бағасы арзан болғандықтан, азаматтар жеке пайдалану үшін автокөліктерді сатып әкелуде.
Мысалы, біздің кедендік баждар Кеден одағының аумағында кеңінен таралған шығарылған мерзімінен бес жылдан астам пайдалануда жүрген қозғалтқышының көлемі 2-3 мың текше сантиметрге дейін автокөліктерге бір текше сантиметрге 4 евроны құрайды. 2006-2007 жылы шығарылған «Фольксваген» және «Тойота» автокөліктерін алайық, қозғалтқыш көлемі – 2500 текше сантиметр, 2500-ді 4-ке көбейтсек, 10 мың евро шығады, яғни 2 миллион теңге шамасында. Көбінесе, автокөліктерді рәсімдеу кезінде кедендік баждар және салықты төлеу мөлшері сатып алынған көліктің бағасынан асып кетеді. Азаматтарға Қырғызстанда сатып алынған арзан автокөліктерді кедендік тазалауды жүргізу тиімді емес, сондықтан олар қолданыстағы заң талаптарын өрескел бұзуда. Жеке тұлғалар шекараны өту кезінде заңды бұзбайды, өйткені көлік құралын кез-келген шетел азаматы кеден шекарасынан кедергісіз өткізе береді. Кеден одағының кеден заңнамасында бекітілгендей, шетел азаматы жеңілдік тәртіппен Қазақстан аумағына 1 жылдан аспайтын мерзімге көлік құралын алып кіруге құқығы бар. Осыны оңтайлы пайдаланған Қазақстан азаматтары шетелге барып, автокөлік сатып алады да, автокөлік иесімен кеден шекарасынан алаңсыз өтеді. Шекарадан ұзап кеткеннен кейін, Қазақстан сатып алушысының атына автокөлікті басқаруға сенімхат рәсімделеді. Шекараны өту кезінде мұндай құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік жоқ, өйткені барлық өтіп жатқан шетелдік азаматтар көлік құралын сатуға апара жатқанын мәлімдемейді. Жеңілдетілген тәртіппен кеден шекарасынан өткен автокөлікті шетелдік азамат емес, біздің елдің азаматы басқарса, ондай жағдайда кеден ережелерін бұзушылық болып саналады. Қазақстан аумағында көлік құралын кедендік декларациядан өткен тұлға ғана басқара алады. Ондай болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, ел азаматы басқа біреуге автокөлікті берген мерзімнен бастап, кедендік баждарды және салықтарды төлеу бойынша жауапкершілік басталады. Кедендік төлемнің көлемі – 60 евро, баждардың көлемі көлік құралының шығарылған жылы және қозғалтқыштың көлеміне байланысты, қосымша құн салығы көлік құралының кедендік бағасынан құралған, кедендік төлем және баждардың сомасының 12 пайызы, яғни ҚҚС (авто кедендік құны+баж+кед.төлем)*12%. Еліміздің барлық облыстарында мұндай фактілерді анықтау үшін кеден және жол полициясы органдары бірлесіп рейдтер жүргізеді.
Талғат Арысбаев, облыстық кедендік бақылау басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді