- Advertisement -

Дулат Бекбауов алтын алды

49

- Advertisement -

Болгарияда бокстан халықаралық «Странджа Кубогы» турнирі аяқталды. Бұл бәсі жоғары бокс додасына әлемнің 28 мемлекетінен 178 спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салған болатын. Болгарияға Қазақстан Ұлттық құрамасынан он боксшы аттанған еді. Олардың арасынан үшеуі жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, 67 килограмм салмақта жерлесіміз Дулат Бекбауов чемпион атанып, мерейімізді тасытты. Танымал бапкер Нұрлан Ақүрпековтен тәлім алып жүрген Дулат финалда Үндістан мемлекетінің боксшысы Раджатты 3:2 есебімен ұтты. Ал, 51 килограмм салмақта жұдырықтасқан отандасымыз Санжар Тәшкенбай финалда Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Амит Пангалға есе жіберді. Тағы бір отандасымыз Тұрсынбай Құлахметке қола жүлде бұйырды.

–Ұлттық құраманың 6 боксшысы Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа түсетін Италиядағы халықаралық турнирге аттанды. Олардың арасында жамбылдық Асланбек Шымбергенов те бар.

Бірқатар боксшылар Болгария жеріне жол тартқан едік. Бұл да бәсі жоғары турнир. Шәкіртім Дулат Бекбауовтың чемпион атанғанына қуанып тұрмын. Бұл жеңістің де артында тынымсыз еңбек жатыр. Бір өкініштісі, Дулаттың салмағы Олимпиада салмағы емес. Ол үшін салмақ ауыстыруға тура келеді. Қалай болатынын алдағы уақытта Ұлттық құрама бапкерлерімен ақылдаса отырып, шешеміз, – деді Нұрлан Ақүрпеков.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support