- Advertisement -

Халық өнерінің өрісі кең

24

- Advertisement -

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Өнер мен құндылықтар» жобасы аясында «Өнерлінің қолы алтын» атты ашық есік күні өтті. Жоба аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-ана мен оқушылардың қолынан шыққан 80-ге жуық бұйым көрмеге қойылды.

Халық қолөнері – ұлттық шығармалардың ең жоғарғы формасы. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық». Ашық есік күні білім алушылардың дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттерінің қа лыпт асуына, алға қойған мақсаттарының айқындалуына, еңбекке баулуға септігін тигізері сөзсіз.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – ою-өрнек өнері. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді», деп айтқанындай, айналамыздағы қоршаған зат, бұйымдардың қай- қайсысын алып қарасақ та, кез- келгенінен ою-өрнек өнерінің элементтерін көретініміз рас.

Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланған. Әсем бұйымдар жасап, өмірде салтанат құра білген. Сондай әсем дүниелерді, күнделікті заттарды жасау мектеп қабырғасында да жалғасуда.

Көрмеде ұсынылған құрақ көрпе, қыз жас ауы, ағашт ан әртүрлі бейнелерді күйдіріп жасалған картиналар, мектептегі қуыршақ театрына арналып тігілген қуыршақтар киімі, ат әбзелдері, жүннен тоқылған заттар, құрғақ жүн техникасындағы картиналар, жіптен тоқылған бұйымдар көздің жауын алды. Одан бөлек кестелер, матадан тігілген ұлттық үлгідегі киімдер, оқушылардың салған суреттері, су моншақтан жасалған әшекей бұйымдары да көпшілік көзайымына айналды. Жас ұрпаққа халық өнерінің тарихи жолдарын білу – оларды ұлтжандылыққа тәрбиелейтініне сеніміміз мол.

 

Назгүл АНИСОВА,

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицей директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары.

Меркі ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support