Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушыларын» анықтады. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан ұстаздар қатарында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы Темірхан Бижігітов, «Педагогика» факультетінің деканы Махаббат Оспанбаева және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Бұзаубақова бар.
Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» грантының белгіленгеніне биыл тоғызыншы жыл. Ол – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітіліп, тікелей бақылауында тұрған жоба. Өткен жылы конкурсқа 90 жоғары оқу орнынан 545 үміткер қатысты. Грант жоғары оқу орнының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Үздіктер қатарынан көрінген оқытушылар бұған дейін де өздерінің терең білімдерін тәжірибеде молынан пайдаланып, талай жетістікке жеткен болатын.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




