- Advertisement -

Адам ағзасына күнделікті қажет витаминдер

18

- Advertisement -

А витамині

А витамині балаларда жеткіліксіз болса, дамуы тежеледі, жұқпалы ауруларға бейім болады. Сондай-ақ, ересек адамдардын көзі ауырып, көрмей қалуға дейiн апарып соғады.

В витаминi

В витамині жетіспесе, адам тез шаршап қалады. Тамаққа көңіл соқпаушылық, күйгелектік пайда болады. Сондай-ақ, нерв қызметі бұзылады. Мұның бәрі асқынып, бери-бери дертіне шалдықтырады. Ғалымдар тазартылған ақ күріштен пісірілген тамақты жиі пайдалантын адамдардың бери-бери, Пеллагра ауруына шалдықтырады. Ауызы ойылады, сілекейі ағады, іші өтеді, денесіне бүртік шығады, ұйқыдан айрылады, ұмытшақтық пайда болады.

С витамині (аскорбин қышқылы)

Адам ағзасы үшін бұл витаминнің маңызы зор.

С витаминінің жеткіліксіздігінен дінгене ауруы пайда болады. Соның салдарынан адам тез шаршайды, аяқ-қолы сырқырайды, тісі қызарып, бөртіп қанайды, ауыздан жағымсыз иіс шығады, денеде қызыл бөртік пайда болады, гемоглабині азаяды.

Д витаминi

Д витамині негізінен балалар ағзасы үшін өте пайдалы. Ағзада бұл витамин жетіспесе, мешел ауруына шалдықтырады. Мешел ауруы кезінде баланың сүйектері иілгіш келеді, тісінің өсуіне кедергі болады. Сондай-ақ, Д витамині күнделікті мөлшерден артық желінсе, ағзаға үлкен залал келтіреді. Ішi өтіп, салмақ жоғалтады. Тамақты сақтағанда витаминдер бұзылады. Тұрақсыз суда еритін С витаминін сақтау үшін жемістер мен көкөністердің сыртқы қабығын жұқа етіп аршу керек. Тамақты эмаль ыдыста, көкөністерді қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл тамақ құрамында витаминдердің сақталуы үшін маңызды.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support