Жаңалықтар
Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті
- author «Ақ жол»
- 9 ақпан, 2024
- 214
Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті
«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды жүргізу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары өтті.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев шараға қатысып, Күйік асуында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың барысымен танысты.
Аймақ басшысына авариялық-құтқару қызметтері мен облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы туындаған аумақтарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құтқару қызметтерін жөнелту мәселелері пысықталды.
Бұдан бөлек, оқу-жаттығу барысында күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету, тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастыру мен зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу тапсырмаларын орындаудағы мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексерілді.
Сценарий бойынша, «Күйік» асуында «Алматы – Ташкент» республикалық маңызы бар автожолдың бойындағы күрделі метрологиялық жағдай туралы дабыл сигналы түседі.
Қалың қар, қатты жел мен көрінудің нашарлауы және көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, жолаушылар мінген қалааралық автобус қар құрсауында қалады. Зардап шеккендер бар.
Қиын жағдайға тап болған тұрғындарды эвакуациялау мақсатында өңірде жедел штаб құрылады.
Туындаған жағдайды жою үшін оқиға орнына ауданлық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы, өрт автоцистернасы мен жедел медициналық жәрдем көлігі, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналған техникалар жіберілді. Бұдан бөлек, «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлері зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.
Өңірлік полиция департаментіне бағынысты жергілікті полиция қызметі Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының аумағында республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдар бойынша қозғалысты шектеу үшін уақытша бекеттер белгілейді. Полицейлер мен құтқарушылар бірлесіп, радиобайланыс бойынша тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында Күйік асуының таулы аумағы алаңын қамтиды. Жедел іздестіру-құтқару жұмыстары барысында кинологиялық есептің күшімен гипотермиялық белгісі бар шопан табылып, трэкол жоғары өтімді автокөлігімен эвакуацияланады және жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне беріледі.
Оқу-жаттығуға барлығы 33 техника мен жеке құрамның 87 қызметкері жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді