Жаңалықтар
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына - 90 жыл
- author «Ақ жол»
- 8 ақпан, 2024
- 961
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына - 90 жыл
Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, академик Қаратай Тұрысовтың туғанына - 90 жыл.
Осыған орай Жамбыл ауданында “Алатаудай өр тұлға” атты конференция өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, ауданның құрметті азаматтары, Қаратай Тұрысовтың туыстары мен көз көрген жақындары қатысты.
Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов 1934 жылы 2 ақпанда Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келген. Ол тәуелсіздігіміздің елең-алаңындағы қиын шақта ел экономикасының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. КСРО жоғарғы кеңесінің екі дүркін депутаты 1987 жылы Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның жиынында сөз сөйлеп, жер тағдыры, экология зардаптары және ядролық қаруға қарсы өз пікірін ашық білдірді. Жиында қайраткердің еңбегі жайлы айтылып, арнаулар оқылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




