Талапты жасқа жол ашық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда жас ұрпақ тәрбиесіне басымдық берген болатын. «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет» деп айтқанындай, олардың танымын кеңейту, ой-өрісін арттыру мақсатында №7 мектеп- гимназиясында түрлі іс-шаралар өтіп келеді. Аралас білім ошағы болып саналатын мектепте түрлі этнос өкілдері жұмыс істеп, білім алуда. Мектепте оқушыларға қойылар талап жоғары. Оның барлығы да білім мен тәрбиені бала бойына қатар сіңіруге бағытталған. Ал, оқушыларға білім ошағында тәжірибелі, білікті, білімді мамандар дәріс береді.
Мәселен, өткен оқу жылындағы 9-11-сынып оқушылары қалалық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Олардың қатарында мектеп оқушылары Сеяб Омаров, Нозимхан Мирзаева, Ксения Ким, Адема Лайн және Мубина Вали бар. Олар мектеп намысын қорғап, I, II және III орындарды иеленді. Сонымен қатар, олимпиаданың қалалық кезеңіне 18, облыстық кезеңге 5, ал республикалық кезеңге өткен 1 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Республикалық кезеңде жүлдеге 11-сынып оқушысы Адема Лайн ие болған еді.
Ал, түрлі байқауларда өздерінің ғылыми жобаларын қорғағандардың қатарында Дилдора Турсунова «Виртуалды шындықты басқару», Екатерина Кудрина «Кәмелетке толмағандарды қамауға алудағы бұлтартпау шарасын қолдану ерекшеліктері», Даниил Тарасенко «Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін арттыру», Сеяб Омаров «Иілу деформациясы кезіндегі әртүрлі арқалықтардың энергияны сіңіру қасиеттерін зерттеу», Алина Литвинова «Құрылыс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері», Алина Мурат «Электрондық қалдықтардың экономикалық әлеуеті» тақырыптарында қорғады. Бұл оқушылардың жақсы жетістіктерге жетуіне жетекші мұғалімдері, атап айтсақ, Вадим Белозеров, Толқын Ормаханова, Гүлмира Райқұлова, Елмира Ағатаева, Светлана Щудро, Жанар Нарбекова, Азиза Омарова, Ольга Балашова, Айжан Тулебекова және Айсұлу Байтулековалардың да үлестері бар.
Аталған мектепте іс-шаралар жоспар бойынша өтеді. Соның бірі – жуырда ұйымдастырылған қалалық семинар. Семинар орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен «Lesson study – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбында өтті. Оны мектеп директоры Юлия Фризен ашып, іс-шараға қатысқан мұғалімдермен кері байланыс жүргізе отырып, мұғалімдердің педагогикалық- психологиялық шеберліктерін шыңдауына ықпал етті. Семинар-тренингтердің басты мақсаты қалалық мектептегі ұстаздардың біліктілігін, білім берудегі озық әдіс- тәсілдерімен өзара бөлісуге негізделген. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қалалық білім бөлімінің тарапынан жоғары бағаланды.
Мектеп заман талабына сай информатика, робототехника, химия және биология кабинеттерімен соңғы үлгіде толық жабдықталған. Мектеп ұжымы еліміздің Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен марапатталған болатын. Ол да мектеп ұжымының бірлесе атқарған жұмысының жемісі.
Толқын ОРМАХАНОВА,
№7 мектеп-гимназия директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді