Сарыағашта 29 оқушы мен 10 мұғалім уланды
Түркістан облысында бір мектепте 29 оқушы мен 10 мұғалім уланды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық білім беру басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, кеше 9-шы мектепте оқушылар мен мұғалімдер өзін жайсыз сезінген. Мектептің медбикесі шұғыл жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 29 бала мен 10 педагогты ауруханаға алып кетті.
"Олардың жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне жіберілді. Қазіргі кезде 2 мұғалім ауруханада дәрігерлердің бақылауында қалып отыр", - делінген ресми хабарламада.Барлық оқушы үш күнге қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Аудандық прокуратура тексерісті бастап кетті. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына қатысты тиісті шаралар қабылданады. Бұған дейін әлеуметтік желіде дәл сол мектепте түсірілген видео тарады. Оқушылар екінші және үшінші қабатта терезе жуып жүр. Ал, мұғалімдер ішін бояп жатқан. Олардың арасында жүкті әйелдер де болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді