«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЖАЗУШЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫНА ОРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

ЖАЗУШЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫНА ОРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
ашық дереккөз
ЖАЗУШЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫНА ОРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешеніндегі көркемсурет галереясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерейтойына орай «Көсемәлінің көркем әлемі» атты шығармашылық кеші өтті. Аталған іс-шара Әулиеата өңірінде дүниеге келген  жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Жазушымен бір күн» жобасы аясында өтті. Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген мерейтой иесін құттықтауға  өңірдің қадірменді қариялары мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдері мен арқалы ақындар және Республика мен облысқа танымал өнер саңылақтары жиналды. Кеште өмірі қара сөзбен өріліп, шығармалары тәрбиеге төгіліп тұратын, бүгінде ел ағасына айналған Көсемәлі Сәттібайұлының өмірлік және шығармашылық жолдары, қаламгердің қазақ әдебиеті мен  журналистикасына сіңірген еңбегі жайында сыр шертілді. Кешті К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әртістері, Мәдениет саласының үздіктері Мадина Сағынбекова, Құрмаш Қуанышбаев, Жақсылық  Тілеубеков, Нұргүл Абдрашова әсем әндерімен көмкерді.            

Ұқсас жаңалықтар