Тау тұлға

Тау тұлға
ашық дереккөз
Тау тұлға

көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың аласармас алып тұлғасы мен азаматтық асқақ айбыны жұртшылықтың жадынан өшкен емес. Өшпейді де! Кемеңгер басшы өз дәуірінде туған халқына игілікті істер мен ізгі жақсылықтарды молынан жасады. Кең-байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен қырықтан астам қала тұрғызуының өзі нағыз ерліктің көрінісі емес пе?! Тау тұлғаның үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атануында да терең тағылым, өлмес өнеге жатыр.

Кеше Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай облыс, қала басшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мекеме, кәсіпорындар ұжымдары тарихи тұлғаның есімімен аталатын көшедегі ескерткіш-бюстке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Кемеңгер басшының көзін көрген қариялар оның ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесін тілге тиек етіп, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Жастар жағы да Димаш атаны өзінің туған халқы алдындағы азаматтық парызын адал орындаған көшбасшы ретінде жадыларында мәңгі сақтайтындарын айтты. «Ер есімі – ел есінде» деген осы!

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар