Өткен жылы сот шешімімен жабылған Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры Жомарт Қошқаров бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Білім беру талаптарына сай келмейтін университеттің таратылғаны туралы газетімізде жазылған-ды. Аталған оқу орнының басшысы мен оның «оң қолы» болған орынбасары Жаңабай Әшімге мемлекет меншігіндегі екі бірдей ғимаратты заңсыз жолмен жекешелендіріп алды, мемлекетке 130 миллион теңге шығын келтірді деген айып тағылды. Қылмыстық іс Тараз қалалық №2 сотында қаралды. Тараз қалалық №2 соттың судьясы Анара Исабаеваның айтуынша, Ж.Қошқаров пен Ә.Жаңабай ҚР Қылмыстық Кодекстің 177-бабы 4-бөлімі «б» тармағы бойынша айыпты деп танылған. Бұл – аса ірі көлемде алаяқтық жасағандарға тағылатын жаза. Сондай-ақ, 325-баптың 1, 2, 3 бөлімдері бойынша да жауапқа тартылды. Олар топ болып жалған құжаттар жасап, оны пайдаланған. Қазір сотталушылар тергеу изоляторында қамақта отыр. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Одан кейін облыстық мәслихаттың депутаты болған Жомарт Қошқаровты депутаттық мандатынан айыру мәселесі де қаралмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




