Тәрбие ошағында тағылым көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен сапалы түрде қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырды. Бүгінде еліміз бойынша балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен және мектепалды даярлықпен қамту деңгейі 89,8 пайызды құрайды. Ал, облыстың 586 мектепке дейінгі ұйымында 60 мыңға жуық бала тәрбие алады. Былтыр 3197 орындық 15 жекеменшік балабақша ашылып, ел игілігіне берілді. Мемлекеттік бөбекжай бақшаларында да күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Ерназар ауылындағы сондай, мемлекеттік бөбекжай бақшасы спорт шебері, аударыспақтан екі дүркін ел чемпионы, бұл күнде бақилық болған Жәнібек Әбдікерімовтың есімімен аталады. Мұның өзі аталған ауыл тұрғындарының чемпион перзенттеріне деген құрметтері болса керек.
Мектепке дейінгі мекемеде 44 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұл тәрбие ошағынан педагогтар мен тәрбиешілердің жүйелі жұмысын көруге болады. 31 жыл тәрбиеші болып тер төккен Шарипа Өмірбаева, 21 жыл еңбек өтілі бар Айгүл Ертаева – жас мамандарға үлгі. Пернеш Тәжібаева мен Гауһар Төлебаеваның да тәрбиеші болып еңбек етіп жүргендеріне 12 жылдан асқан. Аспазшы Қалампырдың өзі 21 жылдан бері осы жұмыстың қиындығына төзіп, қызығына куә болып келеді.
Бөбекжай меңгерушісі Үмітжан Жапарованың айтуынша, ауыл тұрғындары балабақшаның жұмысына дән риза. Мұнда бүлдіршіндердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Ауылдың мақтанышына айналған Жәнібек Әбдікерімовті еске алу жиындары жиі өткізіліп, спортшының өмір жолы, отаншылдығы жас ұрпақ арасында кеңінен насихатталып келеді.
Елдің мақтанышына айналған, ұлттық спорттың дамуына үлес қосқан азаматтың атындағы бөбекжай бақшасы көңілімізге ыстық сезілді. Бұл әулетті де біршама білеміз.
Мұнда мектепке дейінгі тәрбиенің озық үлгісі бар. Біз бұл бөбекжайдан балалардың бақытты күлкісін естідік.
Есет ДОСАЛЫ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




