«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Индустрия мен инфрақұрылым

Индустрия мен инфрақұрылым
ашық дереккөз
Индустрия мен инфрақұрылым

Жаңа экономикалық саясаттың өзегі

24 22Бүкіл әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік-экономикалық өсім, халықты әлеуметтік қорғау шаралары қамтамасыз етіліп отыр. Өткен жылдың қараша айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. Елбасы жаңа Жолдауында осы уақытқа дейінгі жолға қойылған реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау және халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру, жастарға жағдай жасау секілді көптеген стратегиялық қадам жасауды алға қойды. Мемлекет басшысы Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде атқарылатын істерді нақтылап берді. Ұлан-байтақ жері бар біздің еліміз үшін алдыңғы қатарлы заманауи көліктік инфрақұрылым – жарқын болашаққа апарар жол. Ол – экономикамыздың дамуына және инновациялық өрлеу сатысына көтеретін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым. Елбасы көліктік инфрақұрылыммен қатар, әлеуметтік маңызы зор, бүкіл экономикамыздың күретамыры болатын энергетикалық, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша нақты бағдарламалар ұсынды. Жолдауда көрсетілген жеті бағдарламадан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бағытында Тараз қаласында нәтижелі жұмыстар жүзеге асуда. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша қалада Индустрияландыру картасына жалпы құны 41 миллиард 309 миллион теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба еніп, қосымша 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданған төрт жыл аралығында шаһарда 11 жоба пайдалануға берілді. Олардың жалпы сомасы 35,5 миллиард теңгені құрап, 1861 жаңа жұмыс орны ашылды. Былтырдың өзінде «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 120 миллион теңгені құрайтын алюминийден жасалған радиаторлар шығаратын шағын зауытты іске қосты. Биыл тағы 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша да ауыз толтырып айтарлық тірліктер бар. Қала бойынша 1084 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ішінде 650 үй күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы нәтижесінде 106 көпқабатты үй жөндеуден өтті. Биылға 1 миллиард 600 миллион теңгеге жөндеуді қажет ететін 87 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Сонымен қатар өткен жылы қала жолдарын жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде 733,1 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары және 1066,9 миллион теңгеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Арай» тұрғын алқабын газбен қамтамасыз етуге 760 миллион 632 мың теңге, «Қайнар» тұрғын алқабын электр энергиясымен және газбен қамтамасыз етуге 175 миллион 423 мың, «Ақжол» тұрғын алқабын электр энергиясымен және газбен қамтамасыз етуге 104 миллион 272 мың, «Мичуринец» тұрғын алқабын электр энергиясымен және газбен қамтамасыз етуге 78 миллион 281 мың теңге, облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыруға 239 миллион 843 мың теңге жоспарланды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша «Арай» тұрғын алқабындағы 14 гектар тұрғын үй кешеніне насос стансасының құрылысын салуға 162 миллион 446 мың теңге және осы алқаптың магистральді электрмен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын салуға 102 миллион 65 мың теңге, су құбыры желісінің құрылысын салуды аяқтауға 1 миллиард 19 миллион 450 мың теңге бөлінді. Коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен «Төрткүл» алқабын электрмен қамтамасыз етуді қайта жаңғырту нысанын аяқтауға 68 миллион 249 мың теңге қаралды. Елбасы Жолдауында тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту мәселесіне де баса назар аударылғаны белгілі. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, қала бойынша былтыр республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 1160,0 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 163,827 миллион теңге қаражат бөлінді. «Бәйтерек» мөлтек ауданынан кезекте тұрған жанұяларға 75 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аталған мөлтек ауданда 3 тұрғын үй нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанк» құрылымы арқылы республикалық бюджеттен 573,5 миллион теңге бөлінді. «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 65 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға қосымша 105,4 миллион теңге қаржы бөлініп, былтырғы маусым айында пайдалануға берілді. Аталған мөлтек ауданында тағы да бір 65 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Арай» тұрғын алқабынан несиеге берілетін екі 65 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 303,9 миллион теңге бөлінді. Нысандар биыл пайдалануға беріледі. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға 861 миллион 870 мың теңге бөлінді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға «Арай» тұрғын алқабында 75 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын салуға 452 миллион теңге, жас отбасылар үшін «Бәйтерек» мөлтек ауданында 75 пәтерлі үш тұрғын үй салуға 409 миллион 870 мың теңге қарастырылды. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бағыты бойынша да нақты жұмыс жүргізілуде. Былтыр облыстық және жергілікті бюджет есебінен 5 мектептің (№25, 26, 35, 40, 45) күрделі жөндеу жұмыстарына 387,2 миллион теңге бөлініп, толық игерілді. «Құмшағал» алқабындағы №19 мектеп бүгінгі күнге үш ауысымда білім беруде. Бұл мәселені шешу үшін сол алқаптан жаңадан бой көтеретін мектептің жер телімі анықталып, жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Биыл бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін құрылыс жұмыстары басталатын болады. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бойынша №10 және Малогвардейская мекен-жайындағы балабақшалардың күрделі жөндеу жұмыстарына 415,7 миллион теңге қаражат бөлініп, игерілді. Сонымен қатар, №42 орта мектептің ғимаратына облыстық, республикалық бюджеттен 87,7 миллион теңге қаражат қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қала бойынша 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтылған балалардың саны 14245 болып, қамтылу көрсеткіші 77,6 пайызды құрады. Осы мәселені шешуге, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында өткен жылы 1500 орын ашу жоспарланса, есепті кезеңде 1513 орын ашылды. Биыл 2 мемлекеттік және әлеуметтік әріптестік негізінде жеке кәсіпкерлермен бірлесе отырып 1 балабақша (барлығы 1070 орын) ашу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда «Бәйтерек» мөлтек ауданынан және «Арай» тұрғын алқабында 280 орындық балабақша құрылыстары жүргізілуде. Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Тараз қаласында кәсіпкерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жетті. Мәселен, статистика басқармасының есебі бойынша қалада 4592 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 4517-сі –, шағын, 75-і – орта кәсіпкерлік субъектісі. Жеке кәсіпкерлік қызметін кеңейтуге, өз ісін ашуға ниет білдіруші азаматтарға «KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйымының филиалы былтыр 1 миллиард 224 миллион 395 мың теңге несие берді. Өткен жылы 16 пәтерді нотариалдық кеңсе, шаштараз, тіс емдеу кабинеті, кеңсе ретінде қайта жобалауға рұқсат берілді. Шағын бизнес объектілері және дүкендер, кафе құрылысы мен кәсіпкерлік қызметімен айналысу үшін жеке және заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (жалға) және жеке меншік құқығына кәсіпкерлік үшін жер учаскесін беру туралы былтыр 65 қаулы қабылданып, ұзартылған 1088 жер телімі берілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша алғашқы 2010 жылы қалада 76,8 миллион теңгеге 1 жоба қаржыландырылған болса, былтыр 4910,7 миллион теңгеге 68 жоба қаржыландырылды. Елбасымыз жария еткен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – біздің дүниежүзіндегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы ауқымды қадамымыз. Мақсат – айқын, міндет – зор. Ендеше, оны жүзеге асыру – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, Тараз қаласының әкімі.

Тараз қаласы.

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар