Басты жаңалық
Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» шағын ауданын жылумен қамту жұмыстарының сапасын тексерді
- author «Ақ жол»
- 25 қаңтар, 2024
- 329
Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» шағын ауданын жылумен қамту жұмыстарының сапасын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік желілерде тұрғындардың жылу жүйесіне қатысты жариялаған шағымдары бойынша Тараз қаласындағы «Ұлы дала» (15) шағын ауданына барды.
Аймақ басшысы шағын аудандағы бірқатар (№47, 104, 1024, 1025, 1129) көпқабатты үйлерді аралап, беріліп жатқан жылу деңгейі мен жертөлелердегі сорғы қондырғыларын тексеріп, тұрғындармен кездесті.
Тұрғындар бірқатар коммуналдық мәселелерді көтеріп, жылудың тұрақты берілуіне қатысты өтініштерін жеткізді.
Тараз қаласының басшылығы жекелеген көпқабатты тұрғын үйлердің жылу желілерінде туындаған ақауларға байланысты қажетті шаралар қабылданғанын айтты.
Сондай-ақ, облыс әкімі мұндағы жылу жүйесіне арналған қосалқы сорғы станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Ербол Қарашөкеев нысанды 10 ақпанға дейін іске қосу үшін жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Бұл өз кезегінде шағын аудандағы тұрғын үйлерді қажетті жылумен тұрақты қамтуға, жылу ағымын реттеуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек шағын аудандағы жылу жүйелерінің ауқымын ұлғайту жоспарлануда.
- «Ұлы дала» шағын ауданында жылытуға қатысты мәселелер жиі көтеріледі. Бұл мәселені кешенді түрде шешу керек. Ол үшін жұмыстардың жүйелі жүргізілуі маңызды. Қала басшылығы тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде көңіл бөліп, нәтижелі шаралар қабылдап отыруы тиіс, - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «Ұлы дала» шағын ауданындағы жолдардың сапасы сын көтермейтініне назар аударды. Қала әкіміне шағын аудандағы инфрақұрылымның ұлғайтылуына байланысты көшелердің барлығын биыл асфальттаудан өткізу бойынша нақты міндеттер жүктеді. Бұл бойынша бір аптада нақты жоспар жобасын құрып, баяндауды тапсырды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шықты
- 6 сәуір, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді