Әлеуеті артқан ауыл
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің әкімі Данияр Абдіразақ баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, округке қарасты елді мекендерде халық саны 4014 адамды құрайды. Округте «Тілеміс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатар 85 шаруа қожалық, 272 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жердің көлемі 12639,9 гектар алқапты құрайды.
Оругте 4836 мүйізді ірі қара, 41495 қой-ешкі, 2134 жылқы, 7947 құс бар.
– Ауылдық округ бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грантты 6 азамат алып, өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жүргізуде. «Ауыл Аманаты» жобасы аясында үй іргесіндегі жер телімін тиімді пайдалануға 183 аула қатысып 26 гектар жерді игеру жоспарлануда. Халықты ағын сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма қазу бағыты бойынша ауылдық округ тұрғындары және шаруа қожалық жетекшілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – дейді Данияр Ақылбекұлы.
Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында несие алуға ниет білдірген 56 аула тұрғын үй іргесіндегі жер телімінен жер құдық қаздырса, 44 үй ағын сумен қамтылған. Сонымен қатар, несие алуға ниет білдірген 258 тұрғынның құжаттары «Таразы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына тапсырылған.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 8 азамат Сарыағаш шипажайына 10 күнге демалуға жолданған.
Ақтоған ауылы бойынша табиғи газға 550, Қазақ-Дихан ауылында 77 үй қосылған. Ал, ауыз судың игілігін Ақтоған ауылында 530, Қазақ-Дихан ауылында 78 үй көруде.
Баспасөз мәслихатында округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді