Тарихи тұлғаларды құрметтеуге көңіл бөлді
Президенттің сұхбатын мұқият оқып шықтым. Өнер саласында жүрсек те, саясаттан алыс болсақ та, жасымыз ұлғайған сайын қоғамды көбірек ойлайды екенсің. Қоғам дамып жатса, қоғам бақуатты болса, жағдайдың жаман болмайтыны белгілі. Мемлекет басшысы сұхбатында елімізге қажетті құндылықтардың бәрін айтты, жүрер бағытымызды көрсетті. Экономикалық және саяси мүмкіндіктерімізге тоқталды. Президенттің сөзі барша жұрттың көкейіндегіні дөп басып, көңілінен шықты. Өткенді бағалап, жүріп өткен жолымызды сараласақ, тарихтан алатын үлгіміз де көп. Мемлекет басшысы бұл мәселеге де мән берді. Президент сұхбатында: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізді.
Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағанбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар, тарихшыларымыздың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тарихы тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай, кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз», – дегені ерекше әсер етті.
Ел дамуының жарқын жолында мұндай атаулы сәттерді бағалаудың маңызы үлкен. Сондықтан, бұл сұхбаттан барша тұрғындар серпін алып, болашаққа деген сенімдерін нықтай түскені анық. Бұқара көкейлеріндегі бірқатар сұрақтардың жауабын осы сұхбаттан тапқанына күмәнім жоқ. Асылхан ШҮҢІРЕКОВ, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Ұқсас жаңалықтар
«Менде жеке тұлғаларға табынушылық жоқ»
- 19 желтоқсан, 2024
«Тарихи мәні, тағдырлы мағынасы терең мереке»
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді