Басты жаңалық
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады
- author «Ақ жол»
- 22 қаңтар, 2024
- 481

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады
Ербол Қарашөкеев өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді:
- өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестиция 17,3 пайызға артып, 517,2 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ көлік тасымалы саласы – 5,2 пайыз, құрылыс – 18,7 пайыз, байланыс – 7,2 пайыз, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 4,7 пайыз өскен;
- 2023 жылы облыста жалпы құны 75 миллиард теңге болатын 13 жаңа өндіріс іске қосылған. Биыл жалпы сомасы 180 миллиард теңгеден асатын тағы 28 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы, инвестициялық жобалар пулына құны 2,3 триллион теңгені құрайтын 69 жоба енген. Оларды іске асыру арқылы 5,5 мың адамды жұмыспен қамтуға болады;
- шағын және орта бизнес субъектілері 864,9 миллиард теңгенің өнімін өндіргені жөнінде мәлімет берілді. Аталған салада жұмыспен қамтылғандар саны 18,5 пайызға артқан;
- өңірде су шаруашылығы нысандарын салу және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл су үнемдеу және балық шаруашылығын дамыту жобаларына қосымша қаржы бөлінеді;
- былтыр 2030 оқушыға арналған 7 мектеп пайдалануға берілген. Ал биыл 13380 орынға есептелген 29 білім беру нысанының құрылысы басталады. Оның ішінде 12 білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынбақ. Бұдан бөлек, 19 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде Тараз қаласында облыстық онкологиялық диспансер және Шу ауданында балаларды оңалту орталығы ашылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Құрбан айт - рухани тазару мерекесі
- 5 маусым, 2025
Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы видео үндеу жолдады
- 2 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді