Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі аппаратының орынбасары Ерлан Байболаттың төрағалығымен «Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен білімін, тәжірибесін арттыруды мақсат еткен кездесуде әкімшілік сот істеріндегі кемшіліктер туралы ой қозғалды.
Семинарда бүгінгі таңда әкімшілік сот істері бойынша көбіне жер дауы, тұрғын үй және жер учаскелерін жалға алу, тұрғын үй кезегін қалпына келтіру жөнінде өтініштер келіп түсетіндігі айтылды.
Бұл бағытта өткен жылы жолданған 114 өтініштің 65-і қанағаттандырылып, өзгесі негізсіздеп танылған.
Әсіресе әкімшілік сот ісінде жер комиссиясы тарапынан кезектен шығаруға болмайтын тұлғаларға қатысты заңбұзушылықтар біршама орын алған. Спикердің сөзінше, жауапты орган мұндайда әлеуметтік әлсіз топтардың кезектен шығаруға болмайтын ерекше мәртебесін ескере бермейтін көрінеді.
Сондай-ақ жиында сөз алған облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гауһар Қожантаева әкімшілікістердің медиация тәсілімен шешуге басымдық беру керектігін айтты.
Бұл дегеніміз – сот процесінде қос тараптың өзара келісімі негізінде жасалатын шарт.
«Медиация – сот ісінде енді дамып келе жатқансала. Алайда өсу қарқыны жоғары деңгейде. Мәселен, Англияда азаматтық даулардың 90 пайызы медиатордың көмегімен, келісім жасасу арқылы шешіледі. Ал Германияда жартысынан көбі шиеленісті осылай шешеді. Қазақстан да осы жолды таңдап, осы бағытта жұмыс істеуде. Және бұл алдағы уақытта да дамиды деген үміттемін», деді Гауһар Мейірханқызы.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді