Облыста адвокаттар саны артқан

Облыста адвокаттар саны артқан
ашық дереккөз
Облыста адвокаттар саны артқан
Облыстық Әділет департаментінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы брифинг өтті. Іс-шараның спикері Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы – Нұрғали Андасов. Департаментте 2023 жылы біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілген. Атап айтқанда, Жамбыл облысындағы адвокаттардың санының тұрақты өсу динамикасы байқалады. Қазіргі кезде адвокатардың саны 245-ке жетті. Барлық аудандар 100 пайыз адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген. Жаңашылдықтың бірі – 2023 жылдың 11 сәуірінен бастап азаматтарға бейнеқоңырау арқылы онлайн форматта «Цифрлық нотариаттық сенімхаттарды» ресімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды. Облыс бойынша 210 сенімхат беріліпті. Егер бұрын сенімхатты рәсімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейнебайланысы арқылы рәсімделеді. «Әділет департаменті 145 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасады. Есепті кезеңде 14 572 азаматтарға тегін заң көмегі көрсетілді. Қазіргі таңда, Жамбыл облысы заң консультанттары палатасы – 200 мүшеден тұрады», – дейді Нұрғали Андасов. Әділет департаментінің осы жылға арналған басым міндеттері де біршама көрінеді. Әділет министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламалардың тікелей түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізе отырып, бюджет қаражатын уақытылы, тиімді және толық игеру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметті дер кезінде және сапалы көрсету, құқықтық жұмысты халық арасында ұлғайту бар.  

Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар