Әлеуметтік салаға назар аударды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлағандығы туралы айтты. Ауыл экономикасын көтеруге жасаған бұл өте маңызды қадам деп ойлаймын. Аудандардың әлеуметтік жағдайын оңалту, ауылдағы елді жұмыспен қамту, жұмыссыздық жолдарымен күресу кез келген басшының басты мақсаты. Сондай-ақ, Президент әлеуметтік саладағы мәселелер шешімін тауып жатқандығын айтты. Жайлы мектептер мен денсаулық сақтау нысандары салынып, халыққа пайдалануға берілгендігі қуанышты жағдай. Ұрпағымыздың сапалы білім алуына бұл да бір үлкен жетістік. Балаларымыз жайлы мектепте еш алаңсыз тәрбиеленсе ата-ана үшін де бағалы бақыт.
Шырын МАМАСЕРІКОВА,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




