Тарихымызды түгендеу – басты мақсат
«Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек», деген сұхбатында: «Баяғыда ұлы халық болғанбыз деп масаттанып немесе бұрынғы өкпе-реніштерді қоздатып, қызылкеңірдек болып айтысудың қажеті қанша? Бұлай ескілікке бой ұруға әсте болмайды. Әлбетте, тарих – біздің жалпыұлттық бірегейлігіміздің маңызды бөлігі. Сондықтан, мемлекет дәл қазір бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп отыр», деп өткенімізді жазғанда, тарихи деректерден ауытқымай, өскелең ұрпақтардың қажетін өтейтін тарихи болмысымызды руханиятымыздың маңызды бөлшегі ретінде ұсынуға болатынын атап көрсетті. Иә, халқымыздың өткен тарихын боямасыз, дәл көрсетіп, тарихи ақтаңдақтарды өткен жолымызға ұйыстыра көрсету тарихшылардың міндеті. Тарихымызды халқымыздың жүріп өткен жолына қабыстырып, үлгі, өнеге аларлықтай етіп көрсетудің маңызы зор. Тарихи деректерге негізделген, өсіп келе жатқан жеткіншектерді өз Отанын сүюге тәрбиелейтін зерттеу еңбектер ұлттық идеологиямызды қалыптастыруға септігін тигізері анық. Міне, осындай игі істерді орындау үшін мемлекетіміздің жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанына назар аударады.
«Атап айтсақ, түрлі тақырыптағы кітаптар көптеп шығарылуда. Жаңа ғылыми мекемелер құрылып, бұрынғы институттар жаңғыртылып жатыр. Жақында Сталиндік репрессия құрбандарын ақтау жөнінде ауқымды зерттеу жұмысы аяқталды.
Бір сөзбен айтқанда, сан ғасырлық тарихымызды зерттеу, тарихи әділдікті қалпына келтіру біздің негізгі міндетіміздің бірі болып қала береді», деді. Демек, тарихымызды таразылау барысында өзгелердің көңіліне тиетін өрескел қателіктерге жол бермеу, тарихи деректерге сүйеніп, жалпақ жұртқа үлгі болатындай зерттеу еңбектер жазу қажеттігін алға қойды.
Мемлекет басшысы айтқандай, дүниетанымымызға жат қылықтардан аулақ болып, жат мәдениеттерге көзсіз еліктеуден сақтану қажеттігін алға тартады.
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді