«Өзім де ішінде боламын ғой...»
Кешегі кеңестік кезеңде арақ-шарап дегенің ауылдардағы азық-түлік дүкендерінің саудасын қыздырғаны белгілі. «Жынды суыңызға» жақын-жуық жүретіндер қалтасында көк бақыры болмаса да, оны ауыл дүкеншісінен «қарызға» алып та іше беретін еді. Ондайда Қайдау дүкеншің де тарына қоймай, пейілін кеңге салумен болады. Әрине, кімге не бергенін көнетоз дәптеріне тіркеп, «заңдастырып» қоюды да ұмытпайды. Сол кісі көк мойынның бірін «қарызға» беріп жатқанда, қатарластарының қай-қайсысының болсын құлағына сыбырлап: – Әй, ұмытып кетпеңдер, ішінде өзім де боламын ғой, – деп тәптіштейді екен.
Ел аузынан жиып-терген Баймаханбет АХМЕТ.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




