Аймақтардың дербестігі арта түсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне ауқымды сұхбат берді. Әңгімелесу барысында Президент Үкімет жұмысы туралы ойын айтты. Президенттің сөзінше, кез келген елдің Үкіметі стратегиялық міндеттері мен күнделікті жұмысын қоса атқарады. Ең бастысы, тиімді жоспарлау және ресурстарды орынды пайдалану керек. «Бүгінде Үкіметтің өкілеттігі айтарлықтай кеңейді. Қыркүйек айында құрылымы өзгерген Президент Әкімшілігі еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына қатысты стратегиялық бағыттарға баса назар аударатын болды.
Енді Әкімшілік бұрынғыдай Үкіметті, кейбір министрліктер мен ведомстволарды жетелеп жүрмейді. Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпай, басты саяси штаб ретінде ғана жұмыс істейді. Осыған дейін екі органның да құзырында болған бірқатар өкілеттік Үкіметке берілді. Түрлі салаға қатысты шешім қабылдау құқығы Үкіметке және басқа да жауапты органдарға өтті. Аймақтардың бюджетке қатысты дербестігі арта түсті.
Бір сөзбен айтсақ, қазір Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері ұлғайды. Атқарушы билікке жан-жақты ойластырылған іс-қимыл стратегиясы және өз міндетін тиімді жүзеге асыруға деген ынта-жігер ғана қажет. «Дербестікке және қосымша өкілеттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қалағанын алды. Бірақ «алмақтың да салмағы бар», оларға қойылатын талап та күшейді. Үкімет мұны түсінуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің бұл сұхбаты құнды, елдегі ағымдағы және болашақтағы өзгерістерді түсіну үшін өте маңызды контекст. Әрбір азамат даму процестеріндегі өз рөлін білуі керек және өз қоғамын дамытуға, нығайтуға белсенді қатысуы қажет. Бұл міндеттерді орындау елдің бүгіні мен болашағының күшті, әділетті, бақуатты болуының кепілі.
Лямзер ТУЛЕБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




